Басты бетАсат Нұрпейісов ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды

Асат Нұрпейісов ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды

Асат Нұрпейісов ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Асат Нұрпейісов «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша University of New York in Prague, European Business School in London білім ордаларын тәмамдаған; MSc Global Banking and Finance «Халықаралық банк ісі және қаржы» магистрі.

Президенттің жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Әр жылдары KPMG менеджмент-консалтингінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде, «Бәйтерек» холдингінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде, ҚР Ұлттық Банкінде, Алматы қаласы әкімдігінде қызмет атқарды.