Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
Ол бұған дейін ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметін атқарып келді.
Айбек Арқабайұлы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, осы оқу орнының магистратурасын тәмамдаған, халықаралық құжаттанушы, магистр-аймақтанушы.
Әр жылдары Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасында; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратында; Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінде; ҚР Президенті Кеңсесінде; ҚР Президенті Іс басқармасында қызмет атқарды.
ІІ класты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.