Басты бетАлматыда амбассадорларға арналған семинар-тренинг өтті

Алматыда амбассадорларға арналған семинар-тренинг өтті

Алматыда амбассадорларға арналған семинар-тренинг өтті

Орталық клиникалық аурухана базасында ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты мекемелердің Алматыдағы филиалдары қызметкерлеріне арналған «Блог – интернет кеңістіктің маңызды бөлігі» атты семинар-тренинг өтті.

Іс-шарада белгілі корпоративтік блогер, Коммуникация бойынша ЕҚЫҰ кеңесшісі Айбар Олжай, креатив маманы Дина Шалбаева корпоративтік блогерліктің қыр-сырын түсіндіріп, өздерінің қызықты кейстерімен бөлісті. Қатысушыларға ҚР ПІБ жүйесінің бренд-амбассадоры болу жолдары, жаңалықты әлеуметтік желіде қызықты жеткізу өнері, дербес аккаунтты дамыту мен SMM стратегия құру тәсілдері  жайлы баяндады.

- Бүгінгі жиын біз үшін өте маңызды болды. Әлеуметтік желі өмірімізге дендеп енген сайын, әр адам оны меңгеруге, мамандығына қарай кәдеге жаратуды үйренгені жөн. Ол жұмысымыз туралы пайдалы ақпараттарды жұртшылыққа жеткізуге, пациенттердің назарын аударуға, сондай-ақ бойымыздағы шығармашылық қасиеттерді жетілдіруге көмектеседі,- дейді Орталық клиникалық аурухананың неврологы Махмұт Мырзахметов.