Басты бет«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілі...

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12745 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Іс басқарушы                                                                                                                           А. Дәдебаев