Басты бетҚР ПІБ Парламентаризм институты 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

ҚР ПІБ Парламентаризм институты 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

ҚР ПІБ Парламентаризм институты 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады ҚР ПІБ Парламентаризм институты 2023 жылы атқарылған жұмысты қорытындылады

ҚР Президентінің Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институты былтыр Мәжіліспен және Сенатпен бірлесіп, 34 заң жобасын әзірледі.

Аталған құжаттар аясында білім беру мен тәлімгерлік, ғылым және технологиялық саясат, электронды темекіге тыйым салу мәселелері, ойын бизнесі, құмар ойын және лотерея жұмысы, жануарларға жауапкершілікпен қарау, әйелдер мен балалардың құқын қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді жетілдіру, мүгедек адамдардың тұрмыс сапасын жақсарту, ветеринария, карантин, өсімдіктерді қорғау және басқа да өзекті тақырыптар қамтылды.

Заң шығарушы органмен тығыз байланыста жұмыс істеген Парламентаризм институты 45 заң жобасына сарапшылық қолдау көрсетіп, қолданыстағы заңнамаға 27 бағыт бойынша мониторинг пен талдау жасауға белсене атсалысқанын атап өткен жөн.

Жыл бойы мекемеде депутаттардың және сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел, халықаралық конференция, семинар, жұмыс кездесуі сынды 43 іс-шара өтті. Парламентаризм институты 48 заң жобасын талқылау барысында 553 ұсыныс әзірлеп, Мәжіліске жолдады. 68 заң жобасына заңнамалық сипаттағы ұсыныстар қамтылған сарапшылық қорытынды жасады.