Басты бетРустам Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайынд...

Рустам Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Рустам Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мемлекеттік басқару академиясын, халықаралық журналист, экономика бакалавры, экономика магистрі.

Еңбек жолын Қаржы министрлігінде Мемлекеттік салық комитетінің маманы болып бастаған. Әр жылдары Қаржы министрінің көмекшісі – департамент хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары, Индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, комитет төрағасының орынбасары,  Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астанаэнергосервис» АҚ басқарма төрағасы, Алматы облысының ат спорты федерациясының басшысы қызметін атқарды.