Басты бет«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

  1.  Мекенжайы

    Қазақстан Республикасы, 021708, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 «Б»

  2.  Электрондық пошта

    burabai2010@mail.ru

  3.  Веб-сайт
  4.  Байланыс телефоны

    қабылдау бөлімі/факс 8 (71636) 7-12-36

  5.  Ұйымның толық атауы

    Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі

  6.  Басқарушы

    Быков Сергей Васильеввич   – директор

  7.  Басқарушының орынбасары

     

    • Махметов Бауржан Қабдырашитұлы – директордың орынбасары, бас орманшы;
    • Кульмаганбетов Дамир Саткенұлы – экономика және күрделі салымдар бойынша директордың орынбасары.

     

  8.  Ұйымның құрылуы туралы

     

    «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 12 тамызындағы №1246 қаулысының негізінде құрылды. Ұлттық парк құрылған кезде оның ауданы 83 511 га болды.  

    ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 01 маусымдағы №501 қаулысына сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 46 424 га ұлғайды, бұл «Бұланды орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің» қосылуы себебінен болды. 2011 жылдың 01 қаңтарында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 129 935 га құрады.   

    ЕҚТА жер телімдері жер қорларына өтуіне байланысты,  ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №808 қаулысына сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 370 га кішірейді. 2013 жылдың 01 қаңтарында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 129 532 га құрады.

    ЕҚТА жер телімдері жер қорларына өтуіне байланысты,  ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 мамырдағы №487 қаулысына сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 33,0  га кішірейді. 2015 жылдың 01 қаңтарында «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 129 532 га құрады.

    ЕҚТА жер телімдері жер қорларына өтуіне байланысты,  ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы №699 қаулысына сәйкес «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ауданы 233 га кішірейді. Бүгінгі күні парктің ауданы 129 299 га-ды құрайды.

     

  9.  Қызмет саласы

    «Бурабай» ұлттық табиғи паркі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақ жүйесіне кіретін мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі болып табылады және ол Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасына тікелей қарайды.

    «Бурабай» МҰТП экологиялық, ғылыми, табиғи-қорық және рекреациялық құндылығы бар, биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға, табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттарда табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи – қорықтық қорын қолдануға арналған республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ қорына кіреді және табиғат қорғау мен ғылыми мекеме мәртебесіне ие.

    МҰТП-ға заңнамалық түрде мынадай қызмет түрлеріне жол беріледі:

    – табиғи кешендерді, бірегей және эталонды табиғи учаскелерді, мемлекеттік табиғи 

    қорықтық қордың объекттерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраларды сақтау;

    – МҰТП аумағында және оның қорғау аймақтарында қорғау режимдерін қамтамасыз ету;

    – мекеменің құрылымдық бөлімдерінде әртүрлі дәрежеде биологиялық алуантүрлілікті: 

    популяциялық, түрлілік, ценоздық, экожүйелік және ландшафттық сақтау;

    – табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеулер, эколгиялық жүйелер мен 

    жеке табиғи объектілердің мониторингін жүргізу;

    – бұзылған табиғи кешендерді, табиғи-қорықтық қордың объекттерін, табиғи және тарихи-

    мәдени мұраларды қалпына келтіру;

    – парк аумағы мен оның аймақтарын экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік, рекреациялық 

    және шаруашылығы шектеулі қызмет мақсатында қолдануды реттеу;

    – туризм мен рекреацияны дамытуға қолайлы шарттар жасау;

    – тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін, аумақты рекреациялық және шаруашылығы 

    шектеулі қызмет жағдайында табиғатты қорғаудың ғылыми-негізделген әдістерін енгізу;

    – экологиялық ағарту;

Мемлекеттік сатып алудағы ұйымның толық атауы: «Бурабай» МҰТП