Басты бетБурабай курортында қысқы маусым ресми ашылды

Бурабай курортында қысқы маусым ресми ашылды

Бурабай курортында қысқы маусым ресми  ашылды Бурабай курортында қысқы маусым ресми  ашылды Бурабай курортында қысқы маусым ресми  ашылды

Отбасылық BurabayLand ойын-сауық саябағындағы жаңа маусым ертегі кейіпкерлері болып киінген өнерпаздардың концертімен басталды. Аяз атаның сарайы да жұртшылыққа есігін айқара ашты. 

BurabayLand аумағында өтетін келесі бір маңызды іс-шара - Мұз қалашығы фестивалі. Мұздан мүсін қашайтын шеберлердің сайысы 20 желтоқсанда басталып кетті, дегенмен алда тағы 5 күнге созылады. Байқауға кез келген жекелей суретші, компания немесе  шығармашылық топтың қатысуына болады.

Қазылар алқасының шешімі 25 желтоқсан күні жарияланып, жеңімпаз 3 миллион теңге сыйақыны иеленеді. Мүсін жасаушылардың шеберлік сабақтарын тамашалаған көрермен олардың өнеріне қол соғары сөзсіз.

Фестивальді «Ақмола облысының туризм басқармасы» ММ, «Visit Aqmola» КММ және «Бурабай Даму» ЖШС бірлесіп өткізіп жатқанын айта кетейік. Конкурсқа қатысу үшін өтінімді «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығы» мекемесіне жіберуге немесе ашылу күні сол жерде толтыруға болады. (Ұйымдастырушылардың  телефоны: +7 (702) 476-74-88) орнында, ашылу күні толтыруға болады.

BurabayLand ойын-сауық бағында қонақтар бақсының ауылына барып, атшанаға, бұғы жеккен, ит жеккен шанаға мініп серуендеп, қарда жүретін көлік пен квадроцикл тебеді. Мұзайдын мен сырғанақ та бар. Коньки, шаңғы және басқаларын жалға беретін орындар ашылған.

«Burabay Land» ойын-сауық саябағы, визит-орталық, Абылай хан алаңындағы мультимедиялық интерактивті кешен, хайуанаттар бағы мен марал шаруашылығы с нысандарына жауапты «Бурабай Даму» ЖШС биыл шаян, жылан, ұлу сынды жәндіктерді тамашалайтын шағын террариум ашты, ол жерде маймылмен суретке түсуге болады.

Демалыс күндері «Burabay Land» ойын-сауық саябағы сағат 10.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, жұмыс күндері 10.00-ден 19.00-ге дейін істейді. Сейсенбіде саябақ санитарлық күнге жабылады.

«Burabay Land» ойын-сауық саябағының аумағына кіру тегін.