Басты бетЯдролық медицина орталығы төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады

Ядролық медицина орталығы төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады

Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады

ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының Ядролық медицина орталығы  төртінші радиофармацевтикалық препарат өндіруді бастады. Бұл туралы Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында айтты. 

-Күрделі нейроэндокринді онкологиялық патологияны диагностикалауға қолданатын 18F-DOPA препараты елімізде алғаш рет шығарылып отыр. Орталықтағы 6 препарат, оның ішінде осында өндірілген төрт препараттың көмегімен ПЭТ/КТ зерттеулерінің жиырмадан астам түрі жасалады, - деп жазды А.Дәдебаев.

Президент Іс басқарушысының айтуынша, жыл басынан бері Ядролық медицина орталығында Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша келген адамдарды қоса алғанда, барлығы 6 мыңнан астам зерттеу жүргізілген. Радиофармпрепараттардың көмегімен науқастарға неғұрлым ерте әрі дәл диагноз қою қатерлі дертті жеңуде өте маңызды екенін атап өткен жөн.

А.Дәдебаев Ядролық медициналық орталық ұжымын осы жетістігімен құттықтап, табыс тіледі.