Басты бетЛудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті

Лудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті

Лудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті Лудоманияның қатерін түсіндіруге арналған жиын өтті

Бүгін ҚР Президентінің Іс басқарасында «Лудомания. Ойынқұмарлыққа салыну» тақырыбында семинар өтті.  Әдеп жөніндегі уәкілдің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға психолог маман шақырылып, Іс басқармасының орталық аппараты мен бағынысты ұйымдарының қызметкерлері қатысты. 

Жиынның кіріспесінде ҚР ПІБ Аппарат басшысының міндетін атқарушы Ербол Адаев сөз алып, лудомания проблемасының өзектілігіне тоқталды. Адамдарды одан сақтандыруда қоғам мен қоршаған орта маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Былтырғы дерек бойынша құмар ойын құрығына ілінгендердің қатары 350 мың адамға жеткенін тілге тиек етті.

Семинарға арнайы шақырылған психолог, когнитивті мінез-құлық терапевті Жанат Нұркина дәріс оқып, лудомания сананы шырмайтын қатерлі дерттің қатарына жататынын айтты.

– Адам жақсы ортадан, әлеуметтік жағдайы тәуір жерден шықса, мұндай проблемаға ұшырамайды деген түсінік бар. Бұл қате пікір, оңай ақшаға құнығу мен керемет әсерге бөленуге деген құмарлық жасына немесе дәрежесіне қарамастан, кез келген адамды шырмап алуы мүмкін. Әрине, ойынқұмарлық дертіне шалдыққандардың көпшілігі түрлі психологиялық ауытқуы бар, патологиялық тәуелділікке бейім адамдар. Сондай-ақ, оны зиянсыз деп санап, жете мән бермейтіндер де аз емес. Шындығында, ойынқұмарлыққа көз жұма қарауға болмайды. Дер кезінде көңіл бөлмесе, лудомания тұлғаның әлеуметтік тұрғыда азғындауына соқтырады,- деді ол.

Семинар барысында психолог лудоманияның туындау себептері, оның белгілері, күшеюіне әсер ететін факторлар туралы баяндады.

Жиын соңында ҚР ПІБ Этика жөніндегі уәкілі Гүлнар Чикинаева лудоманияның алдын алуға қатысты профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді. Ол мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта әдеп пен мінез-құлық ережелерін ұмытпауы керектігін ескертті.