Басты бет«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық ж...

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымы орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік  Ел  даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама телефондары: 8(7172) 741632,  741503, факс: 741892, электрондық адрес: konkurs@udp-rk.kz «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  директорының   бос  лауазымы орнына конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қарамағындағы объектілерде орналасқан заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілерін күтіп ұстау мен дамыту және олардың жүйелері мен технологияларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім;

- кәсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық        сақтау министрі  міндетін  атқарушысының    2010 жылғы 23 қарашадағы    № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген).

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 күн  iшiнде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.