Басты бетАқпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды

Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды

Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері талқыланды

Бүгін ҚР Президентінің Іс басқармасында «Ақпараттық қауіпсіздік пен кибергигиена негіздері» атты семинар өтті. Іс басқармасының қызметкерлері және бағынысты ұйымдардың басшылары қатысқан алқалы жиында белгілі сарапшылар тақырып бойынша кеңес берді, пайым-пікірлерімен бөлісті.

Жиынның басында сөз алған ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев:

– Бүгінгі семинардың тақырыбы күн тәртібіндегі өте өзекті мәселелердің біріне арналып отыр. Президент Іс басқармасының қызметіне заманауи ақпараттық технологиялар дендеп еніп, көптеген процестердің цифрлануына байланысты ақпараттық қауіпсіздіктің де өзектілігі арта түсті. Сол үшін жүйелі әрі кешенді шаралардың арқасында ғана ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге болатынын баршамыз түсінуіміз керек, – деп атап өтті.

Алқалы жиында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұстағұлов, «Мемлекеттік қызмет қызметі» АҚ ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшылары Александр Маер мен Әділбек Шаяхметов, киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз сарапшы Медет Турин тақырыпқа қатысты мазмұнды баяндама жасады. Сарапшылар ақпараттық қаупсіздік талаптарын сақтауға қатысты жиі кездесетін нақты мысалдарды айта отырып, одан сақтану жолдарын үйретті.