Басты бетҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады

ҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады

ҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады ҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады ҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады ҚР Президентінің Іс басқарушысы Медорталықтың даму жоспары туралы баяндады

Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің ресми телеграм арнасында ҚР ПІБ Медициналық орталығының жұмысына қысқаша шолу жасап, алдағы жоспарына тоқталды. 

 – Медициналық орталық - Президент Іс басқармасы жүйесіндегі ең ауқымды, қызмет аясы барынша кең ұйымдардың бірі. Жалпы, жыл сайын Медициналық орталық клиникалары 771 мың қабылдау жүргізеді, 22 мыңға жуық адам стационарда жатып емделеді. Оларға көрсетілетін қызмет сапасы мен тиімділігін арттыра түсуге үнемі көңіл бөлінеді. Биыл елордадағы аурухананың базасында халыққа жоғары кәсіби көмек беретін Респираторлық медицина орталығы, Спорттық медицина орталығы, Аутоиммундық аурулар орталығы, Диабеттік аяқ орталығы, Ас қорыту жолының проблемалары орталығы сынды бес бірдей орталық ашылды, - деді А.Дәдебаев. 

Ол Алматыдағы Орталық клиникалық аурухананың Аритмология орталығының және Паркинсон ауруы мен нейрофизиологиялық ауытқуларды емдеу орталығының жұмысыа да тоқталды. Медорталық ауруханасының жанынан былтыр ғана ашылған Ядролық медицина орталығы диагностикаға қажетті үш радиофармацевтикалық препарат шығаруды жолға қойғанын, 6 мыңнан астам зерттеу жүргізгенін жеткізді. 

– Жалпы, мекемеге қарасты клиникалардың тиісті сертификаты бар, ұлттық және халықаралық аккредитациядан өткен. Мамандарымыз Еуропа мен Азияның үздік медициналық орталықтарында біліктілігін жетілдіріп жүр. Осы орайда, дәрігерлеріміз Медорталықтың өңірлердегі күндері аясында облыстарды аралап, халыққа көмек көрсетіп жүргенін атап өткім келеді, - деді Президенттің Іс басқарушысы. 

А.Дәдебаевтың айтуынша, алдағы уақытта медициналық құрылғыларды жаңарту, қосымша орталықтар құру, кадр саясатын жетілдіре түсу, медтуризмді дамыту, шетелдік клиникалармен әріптестікті нығайту көзделіп отыр. 

Келер жылы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында жүргізілетін зерттеулер тізбесі екі еседей ұлғайып, 2 мыңға жетуге тиіс. Қазір токсикологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және аспаптық өлшемдер, молекулярлық-генетикалық зерттеулер, ерекше қатерлі бактериялық және вирустық инфекцияларды, сондай-ақ диоксинді анықтау жөніндегі 6 жаңа зертхана ашуға әзірлік жүріп жатыр. Сонымен қатар, бұл жерде өзінің зертханасы мен токсикологиялық-ақпараттық орталығы бар референс-орталық та құрылады. 

– Медорталыққа қарасты мекемелер халыққа сапалы кәсіби қызмет көрсетіп қана қоймай, әлемдік озық технологияларды қолданысқа енгізумен, оны еліміздегі өзге де орталықтарға таратумен айналысатынын айта кеткім келеді, – деді А.Дәдебаев. Сол үшін Медорталықтың жұмысын жетілдіріп, мамандардың мүмкіндігін барынша кеңейте түсуге көңіл бөлінеді.