Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері «Қызыл кітапқа» енген аққуды құтқарды

«Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері «Қызыл кітапқа» енген аққуды құтқарды

«Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері «Қызыл кітапқа» енген аққуды құтқарды

ҚР ПІБ «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Бұланды орман шаруашылығының қызметкерлері Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сұңқылдақ аққуды құтқарды.
  Макинка ауданы Біржан сал ауылының Николай Русских пен Әлия Есімова есімді тұрғындары өздері тұратын үйлердің маңындағы көлшікте үй құстарымен бірге аққу жүзіп жүргенін көреді. Жақын барып қараса, құстың қанаты жаралы екен.
Бұл туралы олар «Бурабай» ұлттық паркіне хабарлады.
Біржан сал ауылына келген орман шебері Арман Апахов:
- Балапан аққу екені көрініп тұр. Сол жақ қанатының қауырсындары түсіп қалған, ұша алмайды. Әлсіреген құс тобынан бөлініп, жылы жаққа кете алмай қалса керек, - дейді.
Сөйтіп, жүргізушісі Виталий Сурков екеуі сұңқылдақ аққуды ҚР ПІБ «Бурабай Даму» кәсіпорнының зоологиялық бағына әкеліп өткізді.
Зоологиялық бақтың ветеринарларының айтуынша, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген құс осы жерде қыстап шығып, көктемге қарай жыл құстары қайтқан кезде табиғат аясына жіберіледі.