ҚР ПІБ қарасты мекемелердің Алматыдағы филиалдары амбассадорларының, баспасөз қызметкерлерінің және HR мамандарының қатысуымен кәсіби амбассадорлар жұмысына арналған тренинг өтті.
Іс-шараға қатысушылар корпоративтік амбассадор дегеніміз кім, оларға қандай міндет жүктеледі деген сұрақтарға жауап алды. Түрлі ақпарат тарату арналары арқылы контент тарату жолдары түсіндірілді.
Шараны ішкі коммуникация жөніндегі маман Айгүл Ямалтдинова жүргізді.
- Амбассадорлар өздері әзірлеп, таратқан контент арқылы корпоративтік мәдениетті, мекеменің қызметі мен ерекшеліктерін көрсетеді, сарапшы ретінде танылады. Ұжымда кәсіби мамандар еңбек ететінін жұртшылыққа жеткізеді, - дейді ол.
Іс-шарада Амбассадорлар тобының жұмысын жолға қою және басым бағыттарын айқындау барысы сөз болды.
Сондай-ақ Іс басқармасы жүйесінде қызмет атқаратын елордалық мамандар мобилография мен фотоөнердің қыр-сырын түсіндіріп, тәжірибе жүзінде көрсетті.