Басты бет«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілім...

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 09/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 12745 болып тіркелген)  мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары А.Б. Нұрпейісовке жүктелсін.

 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     

 

Қазақстан Республикасы Президенті

Іс басқарушыcының міндетін атқарушы                                      С. Хорошун      

 

    

                          «КЕЛІСІЛДІ»

   Қазақстан Республикасы Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрлігі