Басты бет«Мың бояулы Бурабай» баспасөз сапары

«Мың бояулы Бурабай» баспасөз сапары

«Мың бояулы Бурабай» баспасөз сапары «Мың бояулы Бурабай» баспасөз сапары «Мың бояулы Бурабай» баспасөз сапары

ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне баспасөз сапары өтті. 

 

Сапар аясында БАҚ өкілдері ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» ЖШС ұйымдастыруымен өтіп жатқан дәстүрлі «Бурабай тұқы-2023» турнирін тамашалады. 

 

Балықшылар жарысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалар Қотыркөл көлінен тұқы балығын аулап жарысып жатыр. 

 

– Бұл турнир бұрын еліміздің өзге өңірлерінде өтетін. Биыл Ақмола облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ереже бойынша, әр команда екі балықшыдан тұрады. Біздің жарысқа еліміздің көптеген облыстарынан 30 команда келді, – деді «Бурабай-Даму» серіктестігінің туризм және маркетинг бөлімінің бас менеджері Олжас Данияров.

 

Сайыс ережесі бойынша, балықшылар ұстаған балығын суретке түсіріп, салмағын өлшеп, қазылардың есебіне тіркеткен соң, бірден суға жібереді. Қазылар салмағы 1,5 килодан асатын балықтарды ғана есепке алады. Бүгін таңғы 7:00-де басталған ертең таңғы 10:00-де мәреге жетуге тиіс. 

 

Сондай-ақ, «Мың бояулы Бурабай»баспасөз сапары аясында БАҚ өкілдері «Мирный» орман шаруашылығына барып, Ұлттық парк қызметкерлерінің жануарларға қысқы жемшөп дайындау барысымен танысты. Аскания бұғыларының тыныс-тіршілігін бақылады. 

Ұлттық парктің аға ғылыми қызметкері Евгений Архипов журналистерге фототұзақ орнату әдістерін көрсетті.

 

– Фототұзақ арқылы жергілікті аң-құстардың санын, өсімін, қай жерлере жиі кездесетінін, жалпы тыныс-тіршілігін зерттейміз, – дейді ғалым.

БАҚ өкілдері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылымдық бөлімі саналатын Марал шаруашылығына барды. Шаруашылықта 200 басқа жуық әсем жануар бар. Барлық бұғы-маралдарға үнемі ветеринарлық бақылау жасалады. Пантотерапия орталығына қажетті емдік өнім алынады.