Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында негізгі көрсеткіштердің тиімділігіне қатысты жиын өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында негізгі көрсеткіштердің тиімділігіне қатысты жиын өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында негізгі көрсеткіштердің тиімділігіне қатысты жиын өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында негізгі көрсеткіштердің тиімділігіне қатысты жиын өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында негізгі көрсеткіштердің тиімділігіне қатысты жиын өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында мақсатты HR процестерге көшу жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында KPI жүйесінің мазмұнын, принциптерін және ережесін түсіндіруге арналған workshop өтті.

Жиынға Президент Іс басқармасының ведомстволық бағыныстағы ұйымдары кадр бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Ernst&Young компаниясының өкілдері қатысты.

Басқосуда сөз алған ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы Ербол Адаев Президенттің Іс басқармасындағы біртұтас кадрлық жүйе арқылы ауқымды жұмыстар атқарылатынын атап өтті.

– Бүгінгі жиында өздеріңізбен бірлесіп жүзеге асырылатын шаруалардың барысын нақтылап, ортақ мақсатты айқындап, оған жету жолында қандай құралдарды қолданатынымызды келісіп алу үшін жиналып отырмыз. KPI жүйесін енгізудегі басты мақсат – қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру. Негізгі көрсеткіштердің тиімділігі жүйесі сәтті енгізілсе, құрылымдық бөлімшелердің қызметін сараптауға жол ашылады, – деді ол.

Басқосуда ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы KPI жүйесін таныстырып, оны ведомстволық бағынысты ұйымдарда енгізудің жай-жапсары талқыланды. Қатысушылар жаңа жүйені жетілдіруге байланысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.