Басты бетЖыл басынан бері ПІБ 100-ден астам іс-шараны ұйымдастыруға атсалысты

Жыл басынан бері ПІБ 100-ден астам іс-шараны ұйымдастыруға атсалысты

Жыл басынан бері ПІБ 100-ден астам іс-шараны ұйымдастыруға атсалысты Жыл басынан бері ПІБ 100-ден астам іс-шараны ұйымдастыруға атсалысты Жыл басынан бері ПІБ 100-ден астам іс-шараны ұйымдастыруға атсалысты

ҚР Президентінің Іс басқармасы жыл басынан бері 100-ден астам маңызды іс-шараны өткізуге атсалысты. Бұл туралы Президенттің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында айтты.

– Президенттің Іс басқармасына жүктелген маңызды міндеттердің бірі – Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін халықаралық және ел ішіндегі алқалы жиындарды жоғары деңгейде өткізуге атсалысу, сақадай сай дайындықты қамтамасыз ету. Жыл басынан біздің іргелі ұжым мемлекеттер басшыларының кездесулері, Қазақстанға шет елдерден үкімет делегацияларының келуі, мерекелік салтанатты жиындар, Үкімет пен Парламент ғимараттарында өткен кеңейтілген отырыстар сынды жүзден астам іс-шараны ұйымдастыруға белсене қатысты, - деді ол.

А.Дәдебаев Президенттің Іс басқармасына қарасты кәсіпорындардың бірі – Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметі туралы кеңірек баяндады.

– Орталық қызметкерлері жиындар өтетін барлық ғимараттардың ішінде халықаралық хаттамаға сай бактериологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық сараптама жасайды, жарық пен шу деңгейін, жалпы микроклиматты тексереді. Біздің мекеме Халықаралық зертханаларды аккредиттеу қауымдастығының (ILAK) тіркеуінен өтіп, халықаралық зертхана мәртебесін алған болатын. Бұл – жоғарғы сапаның көрсеткіші; оның зерттеулерінің нәтижесі ILAK ұйымында тіркелген 137 елдің барлығында мойындалатынын білдіреді, – делінген жазбада.

Президенттің Іс басқарушысының айтуынша, орталықтың даму бағытындағы кезекті қадам – жыл соңына дейін халықаралық референт мәртебесін иелену. Яғни, түрлі зертханаларда қайшылық туындаған жағдайда соңғы шешімді аталған кәсіпорынның санитарлық-химиялық зертханасы шығаратын болады.

А.Дәдебаев Президенттің Іс басқармасы еліміздің беделін биіктету ісінде ерекше орны бар кәсіпорынның материалдық-техникалық жағдайын жетілдіріп отыруды үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.