«Бурабай» ұлттық паркінің қызметкерлері қанаты қайырылып, ұша алмай қалған аражегіш қырғиды аман алып қалды.
Орман шебері Сергей Шидловский мен Табиғат қорғау инспекторы Яков Ваккер қырғиды «Бурабай» орман шаруашылығы аумағынан тауып алды.
– Ұша алмай, жер бауырлап жорғалаған құсты байқап қалып, ұстап алдық. Бір қанаты сынған екен. Аражегіш қырғи ұясын ағаш басын салып, ішіне мамық пен мүк төсейді. Біз сол маңайда асықпай шолып шығып, ұясы жоқ екеніне көз жеткіздік, – дейді Сергей Шидловский.
Олар құсты ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты «Бурабай-Даму» кәсіпорнының зоологиялық панажайына әкеліп тапсырды.
– Аражегіш қырғи – сирек кездесетін жыртқыш құс саналады. Ол негізінен бақа, құрт және жидектермен қоректенеді. Аралардың омартасын бұзып, дернәсілін жегенді жақсы көреді, сол үшін аражегіш аталып кеткен. Біздің парктің территориясында жиі кездеседі, - дейді инспектор Яков Ваккер.
Құтқарылған құстың жағдайы тәуір. Зоологиялық панажай мамандары қырғидың қанатын емдеп, жазылғаннан кейін еркіндікке жіберуге тиіс.