Президент Іс басқармасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Іс-шараға бағынысты ұйымдардың бас тәлімгерлері мен бірінші санатты тәлімгерлер, сондай-ақ кадр қызметі басшылары және басқа да қызметкерлер қатысты.
Басқосуды жүргізген ҚР ПІБ бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Бөрібай Князбаев:
– Мемлекет басшысының Жолдауында бірнеше жылды қамтитын өте ауқымды мәселелер қамтылды. Осыған орай, біз бүгінгі алқалы жиынды өткізіп, маңызды құжаттың басым бағыттары жайлы баяндау үшін Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтынан арнайы дәріскер шақырып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, тәлімгерлер ұжымдағы ынтымақтың артуына, моральдық-психологиялық климаттың жақсаруына ықпал етеді, – деді.
Басқосуда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Норма шығарушылық жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Алмас Қанатов мазмұнды баяндама жасады. Ол Жолдаудың негізгі бағыттары, онда қамтылған мәселелердің жүзеге асырылу жолдары мен мерзімі, жауапты мемлекеттік органдар туралы айтты.