Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телеради...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымы орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй (Министрліктер үйі, 12-кіреберіс), анықтама телефондары: 8(7172) 741632,  741503, факс: 741892, электрондық адрес: konkurs@udp-rk.kz Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  директоры  бос  лауазымы орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Ақмешіт көшесі, 3-ғимарат.  

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасы туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де қызмет көрсетілетін адамдардың қызметін ақпараттық қолдау функцияларын жүзеге асыру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, сондай-ақ аудиовизуалды ақпаратты жасау және тарату болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім;

- кәсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік мүлік, мемлекеттiк сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білу.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 күн  iшiнде жүргізіледі.

Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.