ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірлердегі күндері аясында 21-24 тамыз аралығында Қостанай облысына бару жоспарланып отыр.
Делегация Медорталықтың JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарына сай мекемелері – елордадағы аурухана мен Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының жетекші нейрохирург, аритмолог, гинеколог, травматолог және басқа да мамандарынан құралған. Білікті дәрігерлер медициналық мекемелерде шеберлік сабақтарын өткізеді, халыққа тегін консультациялық көмек береді. Сондай-ақ Қостанай облыстық ауруханасында, Қостанай қалалық көпсалалық онкологиялық ауруханасында, Қостанай облыстық кардиологиялық орталығында және Рудный қалалық ауруханасында күрделі операция жасайды.
Белді мамандар қатарында:
- Мыңжылқы Бердіқожаев – Медорталық ауруханасы хирургия жөніндегі директордың орынбасары, жоғары санатты дәрігері, нейрохирургі (облыс тұрғындарына тегін консультация береді, операция жасайды);
- Аян Абдрахманов - Медорталық ауруханасы бас аритмологы, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессоры (Рудный қалалық көпсалалы ауруханасында күрделі операциялар жасайды).
- Раушан Қарабаева - Медорталық ауруханасы директорының емдеу жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер, қауымдастырылған профессор («Клиникалық-фармакологиялық бөлімшенің қызметі» тақырыбында дәріс оқиды);
- Назар Сейдалин - Медорталық ауруханасының бас онкологы («Сүт безі обыры мен меланома кезіндегі сақтандырушы лимфатүйіндердің биопсиясы» тақырыбында дәріс оқиды);
- Марат Саршаев – Орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия орталығының меңгерушісі, бірінші санатты нейрохирург, рентгенхирург;
- Сәкен Молдағалиев – Орталық клиникалық аурухананың травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты травматолог;
- Асқар Ибраев-Рысбеков – Орталық клиникалық аурухананың гинекология бөлімшесінің жоғары санатты акушер-гинекологы бар.
Қостанай областық ауруханасында келушілерді 22 тамыз күні сағат 12:00-14:00-де нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаеводжаев, 23 тамызда 09:00-12:00-де травматолог Сәкен Молдағалиев, 09:00-12:00-де гинеколог Асқар Ибраев-Рысбеков қабылдайды.
Медорталықтың облыстағы күндері аясында Медорталыққа қарасты Санитарлық-эпидемиологиялық орталық, Медициналық технолгиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені және «Қарлығаш» балабақшасы сынды мекемелердің қызметкерлері тренинг өткізіп, тәжірибелерімен бөліседі. Өңірдің бизнес өкілдері мен медицина қызметкерлері үшін шеберлік сыныптарын өткізу де жоспарланған.
Биыл Медорталықтың белді мамандарынан құралған ауқымды делегация Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына барғанын айта кету керек. Жыл соңына дейін еліміздің барлық облыстары қамтылады деп жоспарланған.
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06 (Эльмира Байқұлова)