Басты бетТартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті

Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті

Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті Тартысты бәсекеде тамаша нәтижеге жетті

Бүгін орталық мемлекеттік органдар арасындағы үш күнге созылған дәстүрлі спартакиада мәреге жетті. 22 мемлекеттік органның мыңға тарта өкілі бақ сынаған жарыста ҚР Президенті Іс басқармасының командасы жақсы нәтиже көрсетті.  

 

ҚР ПІБ қызметкерлерінен жасақталған команда бильярд жарысында тамаша ойын өрнегімен танылып, екінші орынды жеңіп алды. 16 команда бақ сынаған жарыстың ақтық кезеңіне шыққан біздің бильярдшылар Ұлттық экономика министрлігіне ғана жол берді.

 

Тағы екі әріптесіміз Ерлан Әмірғалиев пен Алма Сағижанқызы  тоғызқұмалақ ойынында шеберлігімен көзге түсіп, жекелей сында жүлделі үшінші орынды иеленді.

 

Президент Іс басқармасының командасы өткен жылы футзалдан жүлдегер атанған болатын. Биылғы бәсекеде де былтырғы нәтижені қайталайтын мүмкіндік туған еді. Өкінішке қарай, үшінші орын үшін болған ойында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жолы болды. 

Жалпы, биылғы спартакиадада Президент Іс басқармасының командасы барлық спорт түрінен өзінің мықты қарсылас екенін көрсетті. Кей сайыстарда әріптестерімізге жеребе жолдас болмады десек, артық емес. Мәселен, волейболшыларымыз ширек финалда болашақ жеңімпаздарға түсіп, жарыс жолынан шығып қалды. 

 

Мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болған спорт шарасында командалар футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярдтан сайысқанын айта кетейік.  

 

Спартакиаданың мақсаты – мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, табандылыққа тәрбиелеу.