Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі жоспарлы іс-шаралары аясында «Министрліктер үйі» ғимаратында оқу-жаттығу жиыны өтті.
Сценарий бойынша, сағат 12:04-те ғимараттың бесінші кіреберісінің электр панелінде өрт ұшқындады. Шартты «өртті» ауыздықтауға қалалық Төтенше жағдай департаментінің арнайы өрт бөлімдерінің 13 қызметкері мен 4 бірлік техника жұмылдырылды. 1400 адам эвакуацияланып, 2 адам автоматты өрт сатысы арқылы құтқарылды. Сағат 12:34-те «өрт» сөндірілді.
Оқу-жаттығу шарасы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге, сондай-ақ ғимарат қызметкерлеріне құтқарушылармен бірлескен іс-қимыл тәртібі мен ережелерін үйретуге бағытталған.