Басты бетПІБ жүйесі қызметкерлеріне арналған қазақ тілі курсы ашылады

ПІБ жүйесі қызметкерлеріне арналған қазақ тілі курсы ашылады

ПІБ жүйесі қызметкерлеріне арналған қазақ тілі курсы  ашылады ПІБ жүйесі қызметкерлеріне арналған қазақ тілі курсы  ашылады

ПІБ жүйесінің барлық қызметкерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін тереңдетуге жағдай жасалады. Іс басқармасына қарасты Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы қазақ тілін үйрететін курс ашуды қолға алып отыр.
Қызметкерлердің білімі мен дағдыларын тереңдетуге ықпал ететін курс қатысушылар үшін тегін жұмыс істейтінін айта кету керек. Алдымен қызметкерлер өздерінің тілді білу деңгейін анықтауға арналған тест тапсырып, соның нәтижесі бойынша бастауыш және тереңдетіп білім алатын екі топқа бөлінеді. Курста базалық білімнен бөлек, іскерлік қазақ тілін үйретуге басымдық беріледі.
Сабақ офлайн форматта Астанада өтеді.
Мемлекеттік тілді меңгеруге арналған курстарға қатысушылардың өтініші биылғы 20 тамызға дейін қабылданады. Сабақ қыркүйек айында басталады.
Курсқа жазылу үшін МТАЖО орталығының Instagram желісіндегі директіне хабарласу керек: @cmtis.kz