Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама телефондары: 8(7172) 741632, 741503, факс: 741892, электрондық адрес: konkurs@udp-rk.kz Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымы орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй.
Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының оған жүктелген функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім;
- кәсіпорын саласына ұқсас экономика саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік мүлік, мемлекеттiк сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы білу.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)" № 075/е нысаны бойынша анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн iшiнде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.