Басты бетМереке күндері Бурабай Ұлттық паркіне 5,5 мыңға жуық турист келді

Мереке күндері Бурабай Ұлттық паркіне 5,5 мыңға жуық турист келді

Мереке күндері Бурабай Ұлттық паркіне 5,5 мыңға жуық турист келді Мереке күндері Бурабай Ұлттық паркіне 5,5 мыңға жуық турист келді

Бурабай жер бетіндегі сирек кездесетін табиғаты бар географиялық нүкте ретінде кеңінен танымал. 2023 жылғы 6-9 шілде аралығында Бурабай ұлттық паркінің бақылау-өткізу пункттері арқылы 5500-ге жуық адамның келуі тіркелді.

Туристер жиі келетін орындар қатарында ұлттық парктің  Көкшетау, Бөлектау таулары, Жұмбақтас жартасы, Абылайхан алаңы, Бурабай, Шучье, Үлкен және Кіші Шабақты көлдерінің жағалауларын атауға болады.

Жоғары рекреациялық жүктеме орындарында 155 контейнер, 200-ден астам қоқыс жәшігі және  басқа да қалдық жинау жабдықтары орнатылған.

Ұлттық парк аумағының тазалық жұмыстарын мемлекеттік инспекторлар, аумақты жинау жөніндегі қызметкерлері арнайы техникалармен жүргізеді. Мереке күндері 293 тонна қоқыс шығарылып, парк қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді.