«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы (келісім бойынша) кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) кәсіпорынды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекет корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. «Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы таратылсын.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі №405 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» бөлімінде:
реттік нөмірі 123-147. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ деген жол алып тасталсын;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №659 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы» бөлімінде:
реттік нөмірі 309-1 - жол алып тасталсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов