Басты бет«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының кейбір мәселелері туралы...

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.А. Смайыловқа

 

 

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы.

2. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Кеңсенің хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабына және «Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі талдамалық баяндаманы және оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы
6 қырқүйектегі №654 қаулысымен бекітілген  Қазақстан Республикасындағы квазимемлекеттік секторды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 мен 2 - тармақтарына сәйкес.

           3. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисап, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру  мемлекеттік бюджеттен қаржы қаражатын қажет етпейді.

            4.  Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

5. Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері.

Жобаны қабылдаудың мақсаты қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болатын кәсіпорын құру.

6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері және олардың іске асырылу нәтижесі туралы мәліметтер.

Бұдан бұрын жобада қаралып жатқан мәселелер бойынша қабылданды:

1) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі №1340 қаулысы;

 

2) «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы №289 қаулысы;

3)   «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы №906 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №684 қаулысы.

7. Заңнаманы ол қабылданған жағдайда енгізілетін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне:

1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі №405 қаулысына;

2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №659 қаулысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.

8. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.

Халықаралық шарт болып табылмайды.

9. Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрінің
2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32дсп/22П-дсп бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.

Рұқсат етіледі.

10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының http:www.udp-rk.kz ресми сайтында орналастырылды.

11. Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурсында орналастырылғаны туралы ақпарат.

Қажет етілмейді.

12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

Сәйкес келеді.

13. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын жобаға түсіндірме жазба міндетті түрде актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисап нәтижесін қамтуға тиіс.

Қажет етілмейді.

14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлік субъектілері сараптамалық кеңестері мүшелерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемесі.

Қажет етілмейді.

15. Егер Үкімет қаулысының жобасы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік органда Қоғамдық кеңес құру көзделмеген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеу себептерін негіздеу.

Қажет етілмейді.

 

 

     Қазақстан Республикасы

Президентінің Іс басқарушысы                                                                А. Дәдебаев