Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі жоспарлы іс-шаралары аясында «Үкімет үйі» әкімшілік ғимаратында оқу-жаттығу шарасы өтті.
Елорданың Төтеше жағдайлар министрлігінің Астана қалалық департаментінің гарнизоны ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясымен бірлесіп өткізген өрт-тактикалық шарасына автоцистерна, автоматты өрт сатысы мен штаб машиналары сынды 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ елордалық полиция департаментінің қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы, ҚР Президенті Іс басқармасының және Іс басқармасына қарасты ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының мамандары атсалысты.
Шартты «өрт» «Үкімет үйінің» «Мәжіліс залында» сағат 12:00-де басталып, ғимараттан 421 адам эвакуацияланды. Сағат 12:32-де «тілсіз жау» сөндіріліп, 13:03-те оқу-жаттығу шарасы аяқталды.