ҚР Президентінің Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осыдан екі жылдан астам уақыт құрылған Парламентаризм институтының жұмысы туралы баяндады.
– Бұл мекеме депутаттардың заң шығару қызметіне көмектесу үшін құрылған болатын. Аз ғана уақыт ішінде Институт «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және басқа да заңдарды әзірлеуге белсене атсалысты, – деген А.Дәдебаев бұл құжаттардың барлығына Мемлекет басшысы қол қойғанын атап өтті.
Оның айтуынша, еліміздің саяси жүйесіндегі реформаларға орай, Парламентаризм институтының қызметі де жаңғырып жатыр. Институт сарапшылар мен депутаттық корпустың арасын байланыстыратын «көпір» болып, заң жобаларын әзірлеуге және талқылауға ғалымдарды, бизнес өкілдерін, сондай-ақ салалық бірлестіктерді тартуға ықпал етуге тиіс. Сол арқылы парламентшілердің заң шығару процесіне көмектесетін негізгі әрі тәуелсіз сараптама алаңына айналады.
– Жаңа міндеттерге сәйкес, Институттың құрылымы да жаңарып, кадрлық және ғылыми әлеуеті күшейе түсті. Бүгінде оның жұмыс портфелінде Парламент депутаттары бастамашы болған 20 заң жобасы, Үкімет бастамасы шеңберіндегі 21 жоба бар. Институт осы құжаттардың әрқайсысына сараптама жасап, ұсыныстар мен ескертулер әзірлеумен айналысып жатыр, – деді Президенттің Іс басқарушысы.
Телеграм арнада айтылғандай, Парламентаризм институты депутаттар бастамашылық еткен 9 заң жобасын жан-жақты сапалы пысықтауға да көмектеседі. Бұл құжаттардың арасында «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» және басқалары бар.
А.Дәдебаев таяуда бұл мекеменің ресми телеграм арнасы ашылғанын, Институттың жұмыс барысы туралы https://t.me/Institutparlamentarizma арнасынан жақ-жақты ақпарат алуға болатынын жеткізді.