Елордадағы Астана халықаралық форумын ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысып жатыр.
Ауқымды жиынға Медициналық орталық жүйесіндегі 48 маман, ПІБ Автошаруашылығының 36 қызметкері, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының 37 маманы, сондай-ақ ҚР Президентінің Телерадиокешенінде еңбек ететін БАҚ өкілдері жұмылдырылған.
Оларға Астанаға ат басын тіреген шетелдік қатысушыларды лайықты күтіп алу, орналастыру, тасымалдау, ас мәзірін ұсыну, форум өтетін ғимараттарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қатысушыларға медициналық көмек беру сынды міндеттер жүктеліп отыр.