Басты бетАбай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Абай Алтай 1991 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген.

2011 жылы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2013 жылы – Ұлыбританияның Кардифф университетін бітірген, аймақтану, іскерлік әкімшілік.

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК аккредитация орталығының маманы, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының көмекшісі, ҚР Парламенті Сенатының Аппаратында бас сарапшы, парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының көмекшісі, Сенаты Төрағасы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Сенаттың Халықаралық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас консультанты, ҚР Президенті Протокол қызметінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.