Басты бетҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты

ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты

ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты ҚР ПІБ жүйесінің қызметкерлері сенбілікке шықты

Бүгін «Жасыл Астана» экологиялық айлығының аясында елордада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. ҚР Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен бағынысты ұйымдарының қызметкерлері игілікті іс-шараға белсене атсалысты. 

Президент Іс басқармасының орталық аппараты, Медициналық орталығы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, Автошаруашылық, ҚР Президентінің Телерадиокешені, «Бүркіт» авиакомпаниясы, «Бурабай» ұлттық паркі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы және басқа да мекемелердің қызметкерлері елорданың көшелерін тазалауға үлес қосты, ағаш көшеттерін отырғызды, орындықтар мен жол жиектерін бояды, ағаштардың діңін әктеді.  

Орталық аппараттың қызметкерлері жол жиегіне 45 түп қарағай, қарағаш, балқарағай сынды ағаш шыбықтарын екті. Сол сияқты, Парламентаризм институтының қызметкерлері «Ғашықтар саябағын» шіріген жапырақтардардан тазалап, 40 қаптан астам қоқыс жинады. Басқа мекемелер де қалыс қалмай,  жұмылып еңбек етті. 

«Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық акциясы бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. ҚР ПІБ қызметкерлері оған қолдау көрсетіп, әр жыл сайын белсене қатысуды әдетке айналдырғанын айта кетейік.