Басты бетАйырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібін бекіту...

Айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
Қоса беріліп отырған Айырбастау шарты бойынша автомобиль көлік құралдарын сатып алу (иеліктен шығару) тәртібі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімі заңнамада белгіленген 
тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет ресурсында орналастыруды 
қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Президенті Іс басқармасының аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.


        А. Дадебаев


«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі