Астана қаласы әкімдігінің Жоғары көлік және коммуникация жоғары колледжінде «Көлікпен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқып жатқан 23 студент ҚР ПІБ МТҚБ Автошаруашылығына үш айлық өндірістік тәжірибеден өтуге келді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жетекшілігімен болашақ мамандар өндірістік және технологиялық процестерді зерттейді, автомобильдерге компьютерлік диагностика жүргізеді, жөндеу және шанақ жұмысын үйренеді, құжаттама стандарттары мен жұмыс регламенттерін үйренеді.
Қыздар бухгалтерлік есеп пен диспетчерлік қызметтің қыр-сырын меңгеруге тиіс. Үш айдан кейін олар «Құжаттарды өңдеу операторы» сертификатын ашып шығады.
– Біздің Кәсіпорын қосарлы оқыту жүйесін қолдайды, сондықтан колледжге өндірістік тәжрибені ұйымдастыруға көмек көрсетіп отырмыз. Қзірдің өзінде студенттердің базалық дайындықпен және үлкен жауапкершілікпен келгені көрініп тұр. Олар жұмыс барысында теориялық білімді практикада қолдануды үйренеді, ұжымда өзін-өзі ұстау, әріптестерімен қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытады. Өзін жақсы қырынан көрсеткен, оқуда озат студенттер колледжді бітіргеннен кейін біздің кадрлық жастар резервіне қосылады, – дейді Автошаруашылық директоры Дәулет Асқаров.
Биыл ҚР Президенті Іс басқармасының МТҚБ Автошаруашылығында өндірістік практикадан өтуге өтінім беру үшін алғаш рет Student's Book электрондық сервисі пайдаланылғанын айта кетейік. Бұл цифрлы сервисті Президент Іс басқармасына қарасты МТҚБ Инженерлік орталығы жасаған болатын.