Басты бетҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті

ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті

ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті ҚР ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында үстел теннисінен жарыс өтті

Бүгін елордада ҚР Президентінің Іс басқармасы мен бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау үшін жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі спартакиада аясындағы турнирде әрқайсысы үш ойыншыдан жасақталған 10 команда бақ сынады.

Тартысты бәсекеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының командасы 10 ұпай жинап, бас бәйгені жеңіп алды. 9 ұпай жинаған Инженерлік-техникалық орталық екінші орынды иеленді. Жүлделі үшінші орын ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясына бұйырды.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубок пен медальдар, тиісті дипломдар мен сертификаттар тапсырылды.

Турнирде бақ сынаған ҚР Президенті Іс басқармасы орталық аппаратының, Президент Телерадиокешенінің, Автошаруашылық РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы,  Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, «Бурабай Даму» ЖШС қызметкерлерінен жасақталған командалар лайықты өнер көрсеткенін атап өткен жөн.

Дәстүрлі турнир жыл соңында мәреге жетуге тиіс.Спартакиада аясында қатысушылар үстел теннисінен бөлек, спорттың тағы 6 түрінен бақ сынайды.