18-21 сәуірде Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында Шығыс Қазақстан облысына Медорталықтың ауруханасы (Астана қ.) мен Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының (Алматы қ.) жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог, невропатолог және реаниматолог мамандары барады.
Білікті мамандар жергілікті 18 жастан асқан тұрғындарға практикалық және консультациялық көмек көрсетеді, осы өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа емдеу технологияларын таныстырады.
18 сәуір күні Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында науқастарға:
10:00-13:00 – эндокринолог Мөлдір Маратова;
10:00-13:00 – кардиолог Балауса Маханова (жоғары санатты дәрігер);
15:00 – 18:00 – оториноларинголог Талапбек Аженов (м.ғ.д) қабылдау өткізеді.
Сондай-ақ осы күні сағат 10:00-11:30 аралығында Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында науқастарды нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдайды.
19 сәуір күні 15:00-ден бастап Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық ауруханада ангиохирург Асқар Жүнісов (жоғары санатты дәрігер) науқастарды қабылдайды деп жоспарланып отыр.
Өскемен қаласындағы №4 қалалық ауруханада:
14:00-18:00-де – ревматолог Нұргүл Садырбаеваның;
15:00-18:00-де – пульмонолог Мәдина Есенгелдинаның;
16:00-де облыс орталығындағы мамандандырылған медициналық орталығында нейрохирург Марат Саршаевтың қабылдауына келуге болады.
20 сәуірде сағат 15:00-18:00-де Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасында аритмолог Ринат Камиев қабылдау өткізеді.
Консультацияға жазылу қабылдау орнында жүргізіледі. Келушілер жеке бас куәлігін және жасалған зерттеулердің нәтижелерін бірге әкелуге тиіс.
Сонымен қатар, ҚР ПІБ Медорталығының мамандары Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлерге медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, оны операция барысында да көрсетеді.
Медициналық орталықтың басқа бөлімшелері – Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.
ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірлердегі күндерін өткізудегі мақсат – еліміздің өзге аймақтарындағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету, отандық медицинаның сапасын көтеру, сондай-ақ халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру.