Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты
Функционалдық міндеттері: Іс басқармасы басшылығының тапсырмаларының, жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Өз қызметінде нормативтік құқықтық актілерді тәжірибеде қолдану, заңнаманы сақтау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру. Ведомстволық қарасты ұйымдарда заңнамаларды қолдану практикасын талдап қорыту. Нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың жобаларын әзірлеу мен дайындауды ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілер мен шарттардың жобаларына заңдық сараптама жүргізу және ұйымдастыру. Бөлімнің талап-қуыным жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау. Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруін талдау. Іс басқармасының басшылығына талдамалық материалдар мен баяндамаларды дайындау.
Орташа лауазымдық жалақысы: 680 331
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары: құқық
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-2 санаты үшін:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бес жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, С-3, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
9) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.