Басты бетҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

28-30 наурызда Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында Ақмола облысына  Медорталықтың ауруханасы (Астана қ.) мен Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының (Алматы қ.) жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог, невропатолог және реаниматолог мамандары барады.

Білікті мамандар жергілікті 18 жастан асқан тұрғындарға практикалық және консультациялық көмек көрсетеді, осы өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, , жаңа емдеу технологияларын таныстырады.

28 наурыз күні Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық ауруханада науқастарды:

09:00-11:00 – кардиолог С.М. Есенкулова (2 санатты дәрігер);

09:00-10:00 – нейрохирург М.А. Саршаев (жоғары санатты дәрігер);

09:00-11:45 – невропатолог Г.Т. Исаканова (жоғары санатты дәрігер) қабылдайды.

28 наурыз күні  Астана қаласындағы №2 Көпбейінді облыстық ауруханада науқастарды:

10:00-12:00 – пульмонолог Н.Я. Утешева (жоғары санатты дәрігер);

14:00-17:00 – аритмолог А.С. Абдрахманов (м. ғ. д.)

14:00-17:00 – нейрохирург М.С. Бердіходжаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.

Консультацияға жазылу қабылдау орнында жүргізіледі. Келушілер жеке бас куәлігін және жасалған зерттеулердің нәтижелерін бірге әкелуге тиіс.

Сонымен қатар, ҚР ПІБ Медорталығының мамандары Ақмола облысының дәрігерлерге медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, оны операция барысында да көрсетеді.

Медициналық орталықтың басқа бөлімшелері – Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері де өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірлердегі күндерін өткізудегі мақсат – еліміздің өзге аймақтарындағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету, отандық медицинаның сапасын көтеру, сондай-ақ халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру.