Басты бетҚР ПІБ спартакиадасы: дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды

ҚР ПІБ спартакиадасы: дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды

ҚР ПІБ спартакиадасы: дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды ҚР ПІБ спартакиадасы: дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды ҚР ПІБ спартакиадасы: дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасындағы спартакиада басталды. Жыл сайынғы дәстүрлі турнир шахматшылар сайысынан басталды.

Тартысты бәсекеге 12 командадан барлығы 36 ойыншы қатысты. Блиц форматында өткен турнирде ойыншыларға әр партияда 10 минуттан уақыт берілді.

Іргелі ұжымның бетке ұстар шахматшылары қатысқан жарыстың жеңімпазын анықтау оңайға түскен жоқ. Нәтижесінде ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының командасы шеберлігімен танылып, бірінші орынды жеңіп алды.

Іс Басқармасының орталық аппараты қызметкерлерінен жасақталған команда екінші орынды иеленді.  Үшінші орын ҚР ПІБ Автошаруашылығының шахматшыларына бұйырды.

Спартакиада жыл соңына дейін жалғасады, алда командалар бильярд, боулинг, футбол, волейбол және үстел теннисінен шеберлік байқасады.