Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері өтеді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері өтеді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері өтеді ҚР ПІБ Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері өтеді

21-24 ақпанда Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында Шымкент қаласына Медорталықтың елордадағы ауруханасы мен Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханасының жетекші онкологтары, нейрохирургтары мен кардиохирургтары, аритмолог, пульмонолог және генетик мамандар барады.

Астана мен Алматыдан келген мамандар жергілікті 18 жастан асқан тұрғындарға практикалық және консультациялық көмек көрсетеді, осы өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, жаңа емдеу технологияларын таныстырады.

21 ақпан күні Шымкент қаласындағы Онкологиялық орталықта науқастарды:

09:00-13:00 – онколог-гастроэнтеролог Г.Б. Исакова (Медицина ғылымдарының кандидаты, PhD);

10:00-12:00 – онколог Н.А. Шаназаров (м.ғ.д., профессор);

15:00-18:00 – онкохирург Е.М. Кеңесбаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдайды.

21 ақпанда № 2 қалалық ауруханада:

10:00-12:00 – пульмонолог Р.А. Бакенова (м.ғ.д., профессор);

14:00-17:00 – нейрохирург М.С. Бердіқожаев (жоғары санатты дәрігер) қабылдау өткізеді.

22 ақпан күні науқастарды Шымкент жүрек орталығында:

14:00-17:00 – кардиохирург Ә.А. Тойбаев (жоғары санатты дәрігер)

14:00-17:00 – аритмолог А.С. Әбдірахманов (м. ғ. д.) қабылдайды.

Консультацияға жазылу қабылдау орнында жүргізіледі. Келушілер жеке бас куәлігін және жасалған зерттеулердің нәтижелерін бірге әкелуге тиіс.

Сонымен қатар, ҚР ПІБ Медорталығының мамандары шымкенттік дәрігерлерге медициналық жаңа әдістемелер мен технологиялар бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, оны операция барысында да көрсетеді.

Медициналық орталықтың басқа бөлімшелері – Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары да өз бағыттарына қатысты оқыту шаралары мен шеберлік сабақтарын өткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының өңірлердегі күндерін өткізудегі мақсат – еліміздің өзге аймақтарындағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ықпал ету, отандық медицинаның сапасын көтеру, сондай-ақ халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру.

ҚР ПІБ Баспасөз қызметі