Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінде мұзда жүгіруден Қазақстан тарихындағы алғашқы халықаралық жарыс өтті

«Бурабай» ұлттық паркінде мұзда жүгіруден Қазақстан тарихындағы алғашқы халықаралық жарыс өтті

«Бурабай» ұлттық паркінде мұзда жүгіруден Қазақстан тарихындағы алғашқы халықаралық жарыс өтті «Бурабай» ұлттық паркінде мұзда жүгіруден Қазақстан тарихындағы алғашқы халықаралық жарыс өтті «Бурабай» ұлттық паркінде мұзда жүгіруден Қазақстан тарихындағы алғашқы халықаралық жарыс өтті

Бүгін «Бурабай» ұлттық паркінде қалың мұз қатқан көл айдынында жүгіруден отандық және шетелдік əуесқой спортшылардың экстремалды жарысы өтті.

Жұмбақтастың жанындағы халықаралық жарыста АҚШ, Ресей, Чехия, Польша, Ауғанстан елдерінен және Қазақстанның көптеген облыстарынан келген 300-ден астам спортшы бақ сынады.

Қатысушылар бірнеше қашықтықта жарыс жолына шықты. 7 шақырым қашықтықта алматылық спортшы Тимур Артюхин жеңімпаз атанса, 14 шақырымға жүгіруден Астанадан келген Владимир Экерт мәре сызығын бірінші болып кесті. 21 шақырымға жүгіруде тағы бір елордалық спортшы Юрий Швецтің бағы жанды. 7 шақырымды скандинавиялық жүріспен өткен көкшетаулық Қазбек Елубаев өзге қатысушылардан оқ бойы озып келді.

Елімізде тұңғыш рет өткен спорт шарасын ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты  «Бурабай-Даму» ЖШС, «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігі және «Rebel Running» ЖК бірлесіп ұйымдастырғанын айта кетейік.

«Көл мұзайдынында бұқаралық спорт жарысын өткізу елімізде бұрын-соңды болып көрген емес. Табиғаты әсем Бурабай өңірінде, Жұмбақтастың жанындағы экстремалды сайыс ойдағыдай өтті, жұртшылықтың қызығушылығы күшті. «Бурабай-Даму» серіктестігінің мақсаты – осындай іс-шаралар арқылы өңірдің әсем табиғатын насихаттай отырып, туристердің қызығушылығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің компанияның құрылғанына биыл 8 жыл толады, биыл осындай іс-шаралар көбірек  өткізіледі, – деп атап өтті «Бурабай даму» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы  Шыңғыс Оразалин.

ҚР ПІБ Баспасөз қызметі