Көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесіне орай «МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясының» ұжымы арнайы акция өткізді. Кәсіпорын қызметкерлері қан құюға мұқтаж жандарға көмек ретінде қан тапсырды.
Акция аясында 52 қызметкер барлығы 23,4 литр қан тапсырды. Еріктілердің арасында тұрақты донорлар да, алғаш рет қатысқандар да болды.
Кәсіпорын ғимаратында осы іс-шараға қолайлы жағдай жасалғанын да айта кетейік. Ұжым басшылығы сол үшін арнайы бірнеше кабинет бөлсе, Республикалық қан орталығының мамандары осы жауапты рәсімге стерильді жағдай жасады. Қызметкерлер алдымен медициналық тексеруден өтіп, терапевтің кеңесін алды.
ҚР ПІБ баспасөз қызметі