Жыл сайынғы дәстүрлі «Менің сүйікті дәрігерім» акциясы аясында ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты Медициналық орталық ауруханасының дәрігерлері 28 қарашадан бастап 2 желтоқсанға дейін Шымкент, Жетісай қалаларында, Мырзакент, Атакент, Асықата кенттерінде халықты (18 жастан бастап) тегін қабылдайды.
Акцияның мақсаты – халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету. Мамандар тобында кардиохирург Ерлан Денеев, ангиохирург Талғат Сәрсембаев және кардиолог Назира Алибаева бар. Сондай-ақ Шымкент пен Мырзакент қалаларында аритмолог Ринат Камиев осы топ құрамында болатынын айта кетейік.
Қабылдау күндері мен мекен-жайы:
Шымкент қ. - 28 қараша, Шымкент жүрек орталығы
Мырзакент - 29 қараша, Аудандық орталық аурухана
Атакент - 30 қараша, Аудандық орталық аурухана
Асықата - 1 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана
Жетісай қ. - 2 желтоқсан, Аудандық орталық аурухана
Қабылдау уақыты: 09:00-18:00 сағ. (түскі үзіліс 13:00-14:00 сағ.).
Кеңес алуға келушілердің қолында жеке басын куәландыратын құжаты мен бұрынғы сараптамаларының нәтижесі болуы керек. Сондай-ақ:
- кардиохирургқа: ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын, коронарография/КТ дискісін және барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін;
- аритмологқа: ЭКГ, Холтер ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасын.
- ангиохирургке: қантамырлар УДДГ, КТ немесе аортография дискісін және барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін.
-кардиологқа: жүрек УДДГ, ЭХОКГ хаттамасы, барлық үзінді көшірімдерін, тексерулер мен талдаулар нәтижесін әкелуге тиіс.
Дәрігерлердің қабылдауы мен оған жазылу туралы басқа да ақпаратты осы медициналық ұйымдардан алуға болады.