Басты бетАйбек Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебаев ҚР Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды

Айбек Дәдебаев 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып бастаған.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарушы болып еңбек етті.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болды.

Алты жыл Парламент Сенаты Төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2019-2021 жылдары ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары болды.

2021 жылғы 28 мамырдан бастап 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымын атқарды.

Биылғы жылдың 11 қаңтарынан ҚР Президентінің Іс басқарушысы қызметін атқарып келеді.