ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің президенті қызметіне Яков Васильевич Стерлигов, «Almaty Resort» шипажайының («Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ филиалы) директоры болып Гүлжанат Аманжолқызы Бұғыбаева тағайындалды.
Я.В. Стерлигов бұған дейін «Оқ-Жетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ басқарушы директоры, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ «Алматы» филиалының директоры қызметін атқарып келді.
ҚР Президентінің Іс басқармасы жүйесінде 2007 жылдан еңбек ететін Гүлжанат Бұғыбаева осыған дейін «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК қоғамдық тамақтандыру бөлімінің басшысы, «Қараөткел» РМК ресми іс-шараларды басқару және қоғамдық тамақтандыру жүйесін дамыту бөлімінің басшысы, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК директорының орынбасары және бренд-аспазы, қоғамдық тамақтандыру қызметінің басшысы, «Almaty Resort» шипажайының басқарушы директоры болып істеді.