Жуырда «ҚазАқпарат» журналистері ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасына келіп, Роботты хирургия орталығында жасалатып операцияларға куә болды.
Хирургияны роботтандыру урология мен гинекологиядағы, жалпы хирургиядағы заманауи әрі ең тиімді емдеу тәсіліне жатады. Дәрігерлер айтқандай, оның операция барысын үш өлшемді жүйемен бақылауға мүмкіндік беру, хирургиялық органдардың кескінін әлденеше есе үлкейтіп көрсету, хирургтың қолын дірілдетпеу, пациенттің тез оңалуы, сондай-ақ операциядан кейінгі ауырсыну сезімінің болмауы сынды қосымша артықшылықтары бар.
2022 жылы роботтардың көмегімен осындай 278 операция сәтті жасалды.
Заман талабына сай дамып келе жатқан Роботты хирургия орталығында әлемдік деңгейде белгілі хирургтар кеңес береді. Олар Медорталық ауруханасына екі ай сайын келіп шеберлік сабағын өткізеді, операция жасайды. Аурухана базасындағы оқу орталығында клиникалық роботтың баламасы бар екенін де айта кетейік.
«Роботты хирургия орталығы» деген атауына қарап, көпшілік оған қолымыз жетпейді деп ойлайды. Алайда, ҚР ПІБ Медорталық ауруханасының хабарлауынша, МӘМС пен КТМКТ аясында әркім-ақ тексеруден өте алады.
Ақылы бөлім де бар. Дәрігерлер бұл жердегі емдеу ақысы қалалық ауруханалармен бірдей екенін айтып отыр.
Осы тақырып туралы толығырақ мына сілтеме арқылы білуге болады: