Басты бетПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері: 30 операция жасалып, 150-ден астам кеңес беріледі

ПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері: 30 операция жасалып, 150-ден астам кеңес беріледі

ПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері: 30 операция жасалып, 150-ден астам кеңес беріледі ПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері: 30 операция жасалып, 150-ден астам кеңес беріледі ПІБ Медорталығының Ақтөбедегі күндері: 30 операция жасалып, 150-ден астам кеңес беріледі

ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы биыл еліміздің барлық өңірлерімен арада әріптестік байланысты нығайта түсуге баса мән беріп отыр. Бұл қадам Медорталықтың Ақтөбе облысындағы күндерін өткізуден бастау алды.

Қазіргі таңда Медициналық орталық ауруханасы (Астана қ.) мен Орталық клиникалық аурухананың (Алматы қ.) білікті нейрохирург, онколог, генетик, кардиохирург мамандарынан жасақталған команда аймақ халқына практикалық және консультациялық көмек көрсетіп жатыр.  Олар шеберлік сабақтарын өткізеді, күрделі пациенттерді диагностикалау мен емдеудің жаңа технологиялары туралы әңгімелейді. Жалпы ПІБ Медорталығының күндері аясында 150-ден астам консультация жүргізіліп, 30 операция жасау жоспарланған.

«Мемлекет басшысы елімізде денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыт-бағдарын айқындап берді,  ол үшін еліміздің  әр азаматы озық технология мен әлемдік стандартқа сай сапалы медициналық көмекпен қамтылуға тиіс. Үздік әлемдік тәжірибені және технологияларды пайдаланып жүрген Медициналық орталық ұжымы бұл жетістігін бөлісуге қашанда дайын. Өңірлердегі әріптестерімізбен бірлесіп түрлі жобаларды іске асыру, диагностика мен емдеудің жаңа халықаралық хаттамаларын енгізу жөнінде тәжірибе алмасу, дәрігерлердің тағылымдамалары туралы келісімге қол жеткіздік. Мұның бәрі барлығы өңір халқының денсаулығын жақсарту жолында Ақтөбе облысы әкімдігімен Ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге бағытталған меморандумда енгізілді», – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей ЦОЙ.

Ақтөбе облысындағы ауқымды шараға Іс Басқармасының Санитарлық-эпидеомологиялық сараптама орталығы мен «Қарлығаш» балабақшасының мамандары да белсене араласып, өз бағыттары бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді, басқа да іс-шараларға мұрындық болады. 

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жыл бойы республиканың барлық өңірлеріне барып, осындай ауқымды іс-шара өткізуді жоспарлап отырғанын айта кетейік. Бұл акция өңірлердегі денсаулық сақтау саласын дамыту, отандық медицинаның деңгейін көтеру, халыққа жоғары сапалы көмек көрсету үшін қолға алынып отыр.